2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Миннеаполис мэрі Джордж Флойдпен қоштасу рәсімі кезінде жылап қалды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Миннеаполисте және АҚШ-тың бірнеше қалаларында полиция қызметкерлерінің тұтқындауы кезінде көз жұмған афроамерикалық Джордж Флойдпен қоштасу рәсімі өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РЕН ТВ басылымына сілтеме жасап.

Миннеаполис мэрі Джордж Флойдпен қоштасу рәсімі кезінде көзіне жас алды

Фото: TASS/Zuma

Миннеаполистегі қоштасу рәсіміне марқұмның туыстары мен достары, сондай-ақ құқық қорғаушылар және саясаткерлер жиналды. Олардың арасында табыттың алдында тізерлеп тұрып, көзіне жас алған қала әкімі де бар.

Қоштасу рәсімі Американың басқа да қалаларында өтті.

ABC News-тің Twitter парақшасындағы видео кадрларынан Нью-Йоркте жүздеген аза тұтушының қала көшелерінде жүргенін көруге болады. Олардың арасында қала мэрі Билла Де Блазио де бар. Жиналғандар ысқырып, саясаткердің сөзін бөлмек болды.

Қоғамдық наразылықты тудырған оқиға мамырдың соңында Миннеаполисте (Миннесота штатында) болған. Полицияға жергілікті дүкен қызметкері қоңырау шалып, ірі денелі қара адамның тауарды жалған ақшамен төлегенін және мас күйінде көлікке отырғалы жатқанын хабарлаған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні тапты - ол 46 жастағы Джордж Флойд болып шықты. Полиция қызметкерлерінің бірі құрықтау кезінде оны жерге жығып, тізесімен мойнын басып тұрған. Ал оның тұншығып жатқанын айтқанына полицей назар аудармаған. Бірнеше уақыттан кейін ер адам есін жоғалтып, ауруханада асфиксиядан көз жұмған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Естеріңізге сала кетейік, атақты рэпер полиция қолынан қаза тапқан Флойдтың қызына қомақты қаржы аударғанын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Миннеаполис мэрі Джордж Флойдпен қоштасу рәсімі кезінде жылап қалды (видео)