2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Адамзатқа вакцина арқылы чип енгізу: Билл Гейтс айыптауларға жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Microsoft негізін қалаушы, миллиардер әрі филантроп Билл Гейтс адамзатқа вакцина арқылы чип енгізуге қатысты айыптауларға жауап берді. Ол өзіне байланысты "негізсіз" сөз байласу теорияларын жоққа шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Адамзатқа вакцина арқылы чип енгізу: Билл Гейтс айыптауларға жауап берді

Фото: facebook.com/BillGates

"Мен ешқашан микрочип сынды нәрселермен айналысқан емеспін. Мұны (айыптаулар- ред ) теріске шығарудың өзі де қиын, өйткені бұл ақымақтық", - дейді миллиардер.

Гейтс вакцина жасалған күннің өзінде антивакциналық көңіл-күйлер ұжымдық иммунитетті қалыптастыруды қиындатады деп есептейді.

Сондай-ақ, ол вакцина пайда болған сәтте оны ең алдымен денсаулық сақтау саласы нашар дамыған елдерге жіберу қажет дейді.

Айта кетейік, америкалықтардың бір бөлігі Билл Гейтс екпе салу бағдарламасы арқылы адамдарға чип енгізуді жоспарлап жатыр деп сенеді. Бұл пікірді демократтардың 19 пайызы және сайлаушы - республикалықтардың 44 пайызы ұстанып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның оңтүстігінде мектеп оқушыларына чип енгізу жұмыстары жүргізілгені туралы қауесетке жауап берген еді.

Сондай-ақ, ведомство өкілі халықты желідегі жалған мәлімет құрбаны болмай, ресми дереккөздерге сенуге шақырған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Адамзатқа вакцина арқылы чип енгізу: Билл Гейтс айыптауларға жауап берді