2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

"Миқош деймін": Тоқтар Серіков Бесбаевқа жантебірентерлік жазба арнады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Тоқтар Серіков бала күннен бері келе жатқан досы Мейрамбек Бесбаевқа аса әсерлі жазба арнады. Онда ол екеуінің кішкентайынан қандай нәрсені армандағаны туралы бар шындықты ашып, өзара бір-бірін қалай еркелететінін айтып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/toktar_beibyt

Фото: Instagram/toktar_beibyt

Тоқтар Серіков Мейрамбек Бесбаев екеуінің достығына қатысты ел білмейтін тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі балалық шақтан бері араласып келе жатқан жан досына деген ерекше сыйластығын Instagram парақшасында жеткізген.

"Бүгін Жанар әпкемізбен кездесіп үлкен әңгіме дүкен құрдық. Мейрамбек менің сонау бала күнімнен бірге келе жатқан досымғой. Аллаға шүкір сендей досымның барына. Баяғыда Мейрамбек екеуіміз көп нәрсені армандайтынбыз. Сол арманың ең үлкені елдің ішінде абройлы болсақ деушек. Алла дегенімізге жеткізіп,арман тілегімізді орындады. Алла ұлық. Балашағамызда қатар өсіп келеді.Достарымызда көбейіп ордалы елге айналып қалдық.
Мен Мейрамбекті еркелетіп Миқош деймін, ал ол болса мені Төки дейді. Достарымның ішінде тек Миқош қана Төки деп айтады. Мен үшін керемет болып естіліп тұрады. Уақыт-ай мына суретке қарап екеуміздің жігіт ағасы болып қалғанымызды байқаймын. Алда әлі біз шықпаған белдер бар досым аман болайық. Ел ішінде еңселі,балашағамызға қамқор,достарымызға қадірлі болсақ одан артық не арман бар. Арманымыз бітпесін" , - деп жазды ол.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Миқош деймін": Тоқтар Серіков Бесбаевқа жантебірентерлік жазба арнады