Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбритания шетелден келгендерге екі апталық карантин енгізді

Опубликовано:

Келесі аптадан бастап, Ұлыбританияға сырттан келген жолаушылар екі аптаға оқшауланады. Ал тәртіпке бағынбағандар қомақты айыппұл төлейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ұлыбритания - туризм бойынша әлемде 10-орынды алатын ірі туристік бағыт. Өткен жылы елге 41 миллион адам келіп, 28 миллион стерлинг фунт қаржы түскен.

Енді олардың барлығын, ісспарға келгендерді қоса есептегенде 14 күндік карантин күтіп тұр. Британиялықтардың өздері де оқшаулануға міндетті. Сондықтан жазғы демалыстарын тек ел ішінде өткізулері мүмкін. 

"Сыртқы істер министрлігі нұсқаулығына сәйкес аса маңызды емес сапарлардан бас тарту керек. Біз бұл вирусқа тойтарыс береміз", - дейді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон. 

Карантиннің талаптарына сай, жолаушы елге келгеннен кейін екі апта уақытын өткізетін мекен-жайын айтуы керек. Билік өкілдері оларды кез келген уақытта тексеретін болады. Тәртіпке көнбегендер бір мың стерлинг фунт көлемінде айыппұл төлейді.

Дегенмен екі жүзден астам туристік компания жаңа талаптарға наразы. Билік кейбір мемлекеттермен әуе көпірлерін орнату арқылы міндетті карантинді жеңілдету мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания егер Қытай Гонконгке қысым жасауын тоқтатпаса, мегаполистің үш миллионға дейін тұрғынын қабылдауға дайын екенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859120-lybritania-setelden-kelgenderge-eki-aptalyk-karantin-engizdi/

pixel