Выйти
RU

Қазақстан Токио Олимпиадасының шегерілуінен 4,3 млрд теңге үнемдеген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Токио Олимпиадасының кейінге шегерілуіне байланысты Қазақстанда осы жартыжылдықта 4,3 млрд теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметіндегі халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images: Getty Images

"Пандемияға байланысты бүкіл әлемде ірі спорттық шаралардың бәрі де кейінге шегерілді. Өздеріңіз білетіндей, Олимпиада ойындары да келесі жылға қалдырылды. Жазғы Олимпиада ойындары осы жылдың шілде айының аяғы мен тамыз айының басында өтуі тиіс болатын. Осыған байланысты халықаралық және лицензиялық сайыстардың өткізілу кестесіне де айтарлықтай өзгерістер енгізілді", - деді Райымқұлова.

Министр қазіргі уақытта қазақстандық спортшылардың жаттығуға кіріскенін атап өтті.

"Олимпиада келесі жылға қалдырылғаннан кейін биылғы жартыжылдықта 4,3 млрд теңге үнемделіп, мемлекеттік бюджетке қайтарылды", – дейді ведомство басшысы.

Тағы да оқыңыздар

2019 жылғы кәріс телехикаялары: жаңа топтама

Еске сала кетейік, 2020 жылға белгіленген Токио Олимпиадасының коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілгенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ бұған дейін Олимпиада ойындарының 2021 жылға шегерілуі ұйымдастырушыларға қанша шығын келтіретінін жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан Токио Олимпиадасының шегерілуінен 4,3 млрд теңге үнемдеген