Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Президент өткізген жиынға Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшылары қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа құқық қорғау ведомстволарының жұмысы, заңнамалардың сақталуын қадағалау туралы есеп берілді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысы заңдылықты күшейту, елімізде тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытында құқық қорғау органдарының жауапкершілігі жоғары екенін айтты.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғап, созылып бара жатқан коронавирус пандемиясы кезінде олардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасаудағы күштік құрылымдардың рөліне тоқталды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Сонымен қатар жүргізіліп жатқан саяси реформалар барысында заңнама нормаларының реформалануы жөнінде жұртшылыққа егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, бұған дейін президент ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізген еді.

Мемлекет басшысы өткізген жиынға ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппаратының және аймақтық бөлімшелерінің басқарушы құрамы қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1859133-tokaev-kkyk-korgau-organdaryny-bassylarymen-kees-tkizdi-foto/

pixel