RU

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ елшісімен кездесті

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ парламенттің жоғары палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ррррр
Мәулен Әшімбаев. Фото: Сенат баспасөз қызметі: Facebook

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алмасты.

"Сенат төрағасы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған палатаның жұмысына тоқталып, мемлекет басшысының жаңғыртылған жалпы күн тәртібін сөз етті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Қазақстанның демократиялық үдерістерді дамытуды жалғастыруға ниетті екеніне баса мән беріп, екі елдің парламент өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, 5 маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді.

Президент өткізген жиынға Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшылары қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа құқық қорғау ведомстволарының жұмысы, заңнамалардың сақталуын қадағалау туралы есеп берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859153-senat-tragasy-mulen-simbaev-aks-elsisimen-kezdesti.html