Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда мүмкіндігі шектеулі балаларды ұрып-соққан мұғалім жазаға тартылды

Опубликовано:

Оралда мүмкіндігі шектеулі балаларға күш қолданған мұғалім сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оралда мүмкіндігі шектеулі балаларды ұрып-соққан мұғалім жазаға тартылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

БҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Орал қаласы прокуратурасы жүргізген талдау барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды қинау дерегі анықталған.

Атап айтқанда, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты кешенінің дене шынықтыру пәнінің К. есімді мұғалімі мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді доппен ұрып-соғып, жүйелі түрде күш қолданған.

Қала прокуратурасының бастамасымен Орал қаласы полиция басқармасының Абай бөлімі ұстазға қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы 1-бөлігі 2-тармағына (ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді.

Алайда мүмкіндігі шектеулі балалардың заңды өкілдері мен ата-аналары тарапынан шағым түспеуіне және қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

  • Қабылданған шешіммен прокуратура келіспеген соң күдіктіге қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің күші жойылып, сотқа қайта жолданды.

Орал қалалық сотының үкімімен бұрынғы мұғалім Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігіне (кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытып, оны тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау немесе тиісінше орындамау) сәйкес айыпты деп танылып, ол 80 сағат көлемінде қоғамдық жұмысқа тартылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1859171-oralda-mmkindigi-sekteuli-balalardy-ryp-sokkan-mgalim-zazaga-tartyldy/

pixel