RU

Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енді

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Prosports.kz порталына сілтеме жасап. 

головкин
Геннадий Головкин. Фото: prosports.kz: UGC

Marca басылымы XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының тізімін жасап, жария етті.

  • Отандасымыз Геннадий Головкинге аталмыш рейтингіде 77 орын бұйырыпты.
Қазақстандық боксшы тізімде футболшы Лука Модрич, теннисші Стэн Вавринка, футзалшы Фалькао және боксшы Владимир Кличконы артта қалдырған.

Айта кетерлігі, GGG атымен танымал былғары қолғап шебері Геннадий Головкин өзінің спорттық мансабында барлығы 40 жекпе-жекте жеңіске жетсе, тағы біреуінде қарсыласымен тең түсіп, біреуінде ұтылды.

  • Сондай-ақ қазақстандық боксшы WBC мен WBA Super белбеулерін иемденген. Қазір оған IBF және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеуі тиесілі.
Айта кетерлігі, АҚШ-тағы афроамерикалық азаматтың өлімінен соң өршіген жаппай митингілер мен қарсылық шараларына қатысты Головкин де өз пікірін білдіріп, желіде жазба жариялаған болатын.

Осылайша, ол Blackout tuesday атты флэшмобты жалғады. Эстафетаның мәні - жұртшылық әлеуметтік желілердегі парақшаларында сейсенбі бойы ойын-сауықтық жазба қалдырмай, сондай-ақ Black lives matter ("Қара нәсілділердің өмірі маңызды") қозғалысын қолдауға байланысты пост салуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859175-golovkin-xxi-gasyrdy-zdik-100-sportsysyny-kataryna-endi.html