Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жастағы елордалық мүгедек қыздың зорлануына қатысты іс жабылды

Опубликовано:

Өткен айдың басында 17 жастағы астаналық мүгедек қыз жантүршігерлік азапты басынан өткергенін хабарлады. Айтуынша, оны төрт ер адам зорлаған. Полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Алайда, бүгін қылмыс құрамының болмауына байланысты істің жабылғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Дина Таңсәрінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

"Не молчи KZ" қорының басшысы қазақстандықтардан қолдау сұрады. Ол қылмыс құрамының болмауына байланысты зорлау бойынша қылмыстық істің жабылғанын мәлім етті.

Еске сала кетейік, мамыр айында қоғам белсендісі Нұр-Сұлтанда төрт ер адамның 17 жастағы мүгедек қызды зорлағанын хабарлаған еді.

Ол жасөспірімнің емханаға бара жатып, қалада адасып кеткенін жазды. Сол кезде ер азамат оны баратын жеріне жеткізіп тасауды ұсынып, көлігіне мінгізіп, зорлаған. Жеткіншек басқа бір көлік жүргізушісіне көмек сұрап жүгінген. Алайда, ол да қыздың дәрменсіздігін пайдаланып, зорлық көрсеткен.

Сол күні мүгедек қызды тағы екі адам зорлап кеткен. Содан кейін жәбірленуші 5 күн бойы көше кезіп жүрген көрінеді. Тек бесінші күні оны жақындары тауып алған.

Сол кезде Нұр-Сұлтан полициясы қылмыстық іс қозғалғанын, істің материалдары бекітілу үшін прокуратураға жіберілгенін хабарлады.

Айта кетейік, наурыз айында Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлаған қаскөйге қатысты сот үкімі шыққанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1859181-17-zastagy-elordalyk-mgedek-kyzdy-zorlanuyna-katysty-is-zabyldy/

pixel