Выйти
RU

"Мәжбүрлі шара емес": Біртанов екпеге қатысты мәселені тағы да түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады. Елжан Біртанов халықты "вакцинациялау туралы шындықты" тыңдауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомство басшысының Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Министрдің айтуынша, адамды вакцинациялау – бұл дербес профилактикалық медициналық қызмет, ол қолданыстағы Кодекс пен жаңа Кодекстің жобасы бойынша - кез келген азаматқа осы адамның немесе оның заңды өкілінің (баланың ата-анасының) келісімі бойынша ғана жүргізіледі.

"Кез келген адамның (ата-ананың) одан бас тартуға құқығы бар. Ол мәжбүрлі шара емес", – деді Біртанов.

Сондай-ақ ол вакцинациялау – халықты инфекциялардың эпидемиясынан қорғаудың жалғыз, ғылыми негізделген және дәлелденген әдісі болып табылатынын атап өтті.

Айтуанша, бұл мемлекеттік денсаулық сақтаудың міндетті шарасы болып табылады.

"Егер вакцинациялау міндетті болмаса, ол перзентханалар мен емханалар дәрігерлерінің орындауы үшін де міндетті болмайды. Біздің бұл вакциналарды сатып алуымыз қажет болмайды.
Жылына 4 миллионнан астам бала туған кезде және кейін полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызылша, көкжөтел, гепатит, пневмония және басқа да инфекциялардан мемлекеттің есебінен тегін вакцинацияланбайтын болады", – деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі екпе егуге қарсы шығып жүрген қазақстандықтарға жауап берген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мәжбүрлі шара емес": Біртанов екпеге қатысты мәселені тағы да түсіндірді