Выйти
RU

Ерлан Қарин бүгінгі митингінің неліктен заңсыз деп танылғанын түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 6 маусым күні Алматы әкімдігі қалада ұйымдастырылған митингіні заңсыз деп таныған болатын. Президент кеңесшісі Ерлан Қарин осы мәселеге байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан, facebook.com/karin.erlan

Фото: Sputnik Қазақстан, facebook.com/karin.erlan

Мемлекет басшысының кеңесшісі бүгінгі митингіге байланысты пікірін өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде бірқатар азаматтар – "төтенше жағдай аяқталды ғой" және "бейбіт жиындар туралы жаңа заң қабылданды емес пе, неліктен митинг өткізуге рұқсат берілмеді", деген секілді пікірлерін білдіруде.

Ерлан Қарин осы мәселеге байланысты түсініктеме беруді жөн көргенін жеткізді.

"Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы жаңа заңға мамырдың 25 күні қол қойылып, өз күшіне дәл бүгін – 6 маусымда еніп жатыр. Оның үстіне, бүгінгі митингіге алғаш рет үндеп шақырғанда, бұл заң сол кезде парламентте әлі талқыланып жатқан болатын.
Яғни, бүгінгі акцияларды ұйымдастырушылар осы митингіні жаңа заңға сәйкес: бес күн бұрын жергілікті билік органдарына алдын ала хабарлама жіберіп, өткізуге барлық мүмкіндіктері болды. Алайда, өкінішке орай ұйымдастырушылар қасақана, жаңа заңның бүгін ғана өз күшіне енетінін біле тұра, митингіге шақырып, үндеп жатты. Бұл біріншіден.
Екіншіден, құқықтық нормалардан басқа төтенше жағдай аяқталғанымен, карантиннің біршама шектеулері әлі де сақталынуда, ол Сіздерге белгілі. Санитарлық қызмет өкілдері көпшілік жиналатын шаралардан басқа, тіпті отбасылық шаралардан бас тарта тұруға қайта қайта үндеуде. Осындай жағдайда басқа азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігімен санаспай осындай шараны өткізу қай жағынан қарасаңыз да дұрыс болмады", – деп түсіндірді президент кеңесшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қазігі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, қазақстандықтарға жаппай іс-шаралар мен митингілерге шақыруға болмайтынын ескерткен болатын.

Ол барлық азаматтарға, әсіресе, халықтың осал топтарына жататын қарт адамдар мен созылмалы аурулары барларға адамдар көп шоғырланған орындардан алыс жүруге кеңес берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ерлан Қарин бүгінгі митингінің неліктен заңсыз деп танылғанын түсіндірді