RU

183 науқас тіркелді: Елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны тағы өсті

Елімізде тағы 183 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырған барлық науқастар саны 12 694-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

183 науқас тіркелді: Елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны тағы өсті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Қазақстандағы 2020 жылғы 6 маусымдағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының ауру белгілері байқалатын 183 адам тіркелді (өсім қарқыны – 1,5%), оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 38 (1,6%) Алматы қаласында - 29 (1,0%) Қарағанды ​​облысында - 24 (2,2%) Батыс Қазақстан облысында - 21 (2,7%) Павлодар облысында - 15 (6,2%) Ақтөбе облысында - 13 (3,4%) Шымкент қаласында - 10 (1,1%) Шығыс Қазақстан облысында - 8 (4,5%) Атырау облысында - 6 (0.5%) Қызылорда облысында - 5 (1,1%) Алматы облысында - 4 (0.9%) Түркістан облысында - 3 (0.8%) Қостанай облысында - 2 (1.0%) Маңғыстау облысында - 2 (0,6%) Жамбыл облысында - 2 (0,5%) Ақмола облысында - 1 (0,6%)

Сондай-ақ, 6 мауым күні коронавирустан БҚО-да бір науқас көз жұмғаны хабарланды.

  • Жалпы Қазақстан бойынша ауырғандар саны 12694, емделіп шыққандар - 7135, кайтыс болғандар - 53.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің коронавирус жұқтырғаны туралы жариялаған едік. Бұл туралы президенттің өкілі өз парақшасында мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859212-183-naukas-tirkeldi-elimizde-kauipti-virus-zktyrgandar-sany-tagy-sti.html