Выйти
RU

COVID-19: БҚО-да ауыр халде жатқан тағы бір науқас әйел көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында коронавирустан көз жұмған тағы бір адам тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

COVID-19: БҚО-да ауыр халде жатқан тағы бір науқас әйел көз жұмды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қайтыс болған әйелдің 1952 жылғы екені белгілі болды.

Коронавирус жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия бұл деректің себебін COVID-19 инфекцисынан болды деп тіркеуге шешім қабылдады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Ақжайық» провизорлық стационарында жатқан Орал қаласының тұрғыны 27 мамыр күні ауыр жағдайда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Емделуші екіжақты пневмониямен ауырған. Сонымен қатар, орта дәрежедегі қант диабеті диагнозы қойылыпты. Реаниматолог науқасты қарап, тиісті ем алған.

30 мамыр күні әйел адамның жағдайы нашарлап, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлердің барлық қажетті шараларды қабылдағанына қарамастан, емделушінің 3 маусым күні жүрегі тоқтапты.

Осылайша Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 53-ке жетсе, Батыс Қазақстан облысы бойынша бұл - екінші өлім дерегі.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің коронавирус жұқтырғаны туралы жариялаған едік. Бұл жайында президенттің өкілі өз парақшасында мәлім етті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19: БҚО-да ауыр халде жатқан тағы бір науқас әйел көз жұмды