RU

Коронавирус: Қазақстанда сырқаты білінбей өтіп жатқан 1044 науқас анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған, бірақ сырқаты симптомсыз өтіп жатқан 357 адам анықталды деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ.

Коронавирус: Қазақстанда сырқаты білінбей өтіп жатқан 1044 науқас анықталды
«2020 жылғы 6 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 357 тасымалдаушы тіркелді», - деп мәлімдеді coronavirus2020.kz сайтын.

Өңірлер бойынша статистика келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 141 (+43)

Алматы қаласы - 95 (+25)

Шымкент қаласы - 131 (+75)

Ақмола облысы - 13 (+5)

Ақтөбе облысы - 17 (+6)

Алматы облысы - 73 (+13)

Атырау облысы - 65 (+23)

Шығыс Қазақстан облысы - 48 (+17)

Жамбыл облысы - 16 (+4)

Батыс Қазақстан облысы - 136 (+57)

Қарағанды облысы - 102 (+25)

Қостанай облысы - 5 (+2)

Қызылорда облысы - 48 (+16)

Маңғыстау облысы - 71 (+14)

Павлодар облысы - 10 (+4)

Солтүстік Қазақстан облысы - 40 (+16)

Түркістан облысы - 33 (+12)

  • Айта кетерлігі, осы күнгі дейін Қазақстанда коронавирустың белгілері жоқ жалпы 1044 науқас анықталды.
Соңғы мәліметер бойынша, елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 12694-ке жетті.

Сонымен қатар, БҚО-да 1952 жылы туған әйелдің коронавирустан көз жұмғаны анықталды.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің коронавирус жұқтырғаны туралы жариялаған едік. Бұл туралы президенттің өкілі өз парақшасында мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859216-koronavirus-kazakstanda-syrkaty-bilinbej-tip-zatkan-1044-naukas-anyktaldy.html