Выйти
RU

Алматы облысында аурухана терезесінен құлаған адамды полицей құтқарып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы аудандық аурухананың үшінші қабатынан секірмек болған адам өлімнен аман қалды. Полицей Алмас Құсайынов оның өміріне араша түсіп, құтқарып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облысында аурухана терезесінен құлаған адамды полицей құтқарып қалды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 маусымда Жамбыл аудандық ауруханасына күйзелісте жүрген 45 жастағы ер адам келіп түскен.

Ол ұзақ уақыттан бері ащы суға салынып, дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болыпты. Алайда сырқат адам емдік шараларын алудан бас тартып, ауруханадан кететінін айтқан.

Бірақ тілегі орындалмаған науқас өз-өзіне қол жасайтынын айтып, аурухананың үшінші қабатындағы терезесіне шығып алыпты.

Ақ халаттылар дереу полиция мен төтенше жағдай қызметін оқиға орнына шақырған. Мамандар тез арада жетіп, терезенің астына матрас төсеп, азаматқа мұндай қателік жасамауды өтінген. Алайда ол әрекеттерінен нәтиже шықпапты.

Соңында, құлап бара жатқан ер адамды полицей Алмас Құсайынов ұстап қалып, палатаға алып кірген.

Жамбыл ауданының полицейі Асхат Тегенбаевтың айтуынша, суицид жасамақ болған адам Алматы қаласының тұрғыны екен. Ол Ұзынағашқа келіп, бірнеше күн бойы шімдік ішкен. Оны туыстары ауруханаға жатқызыпты.

Қазір 45 жастағы азамат жақындарының қолына қайта тапсырылды. Ал полиция өз-өзіне қол жұмсауға не итермелегені жөнінде тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында аурухана терезесінен құлаған адамды полицей құтқарып қалды