Выйти
RU

Санитарлық посттар қайта қойылады: Алматы облысында карантин күшейтілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында карантинді қайта күшейтпекші: бұл аймақтағы вирус жұқтыру көрсеткіші екі пайызға өскен. Осы орайда, санитарлық посттар қайтадан орнатылып, мекемелердің жұмысы шектеулі болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Санитарлық посттар қайта қойылады: Алматы облысында карантин күшейтілді

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жағдайға байланысты облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов жауап берді. «Жетісу» арнасының эфирінде көрсетілген сұхбаттың үзіндісі Instagram-да жария етілді.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, карантинді күшейту - қажетті шара. Мұнда коронавирус жұқтырған пациенттердің саны әлі де өсуде.

Осы уақытқа дейін Алматы облысында инфекция жұқтырудың 400-ден астам жағдайы анықталған. Карантинді жеңілдеткеннен кейін бұл көрсеткіш 2,5-тен 4,5 пайызға дейін өсіпті.

Баймұхамбетов атап өткендей, азаматтардың санитарлық талаптар мен ережелерді сақтамауы осындай өсімге алып келген.

Осыған байланысты, аймақтың бас санитар дәрігері қайтадан карантинді күшейтуге мәжбүр екенін айтты.

Сонымен, қалалар мен аудандар арасындағы санитарлық посттар қайта пайда болып, кейбір нысандардың, сондай-ақ сауда үйлерінің жұмысына тыйым салынады.

  • Барлық қоғамдық шараларға қатаң тыйым салынады, бассейндер мен субұрқақтар жабылады. Қоғамдық көліктердің жүрісіне де шектеу қойылады: ол таңертең және кешке ғана жүретін болады.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сонымен қатар, Баймұхамбетов сырқаттану деңгейінің жоғарылауына байланысты Қапшағай жағалауында демалыс орталықтарының ашылуын тоқтата тұру жоспарланғанын айтты.

Қазір облыста бірлескен мобильді топ құрылып, оның құрамына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, әкімдік, жергілікті прокуратура және полиция өкілдері кіреді. Олар қалалық және аймақтық мобильді топтардың қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін және қатаң карантин режимінің сақталуын тексереді.

Егер заң бұзушылар анықталатын болса, оларға 5-тен 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Соңғы мәліметер бойынша, елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 12694-ке жетті.

Сонымен қатар, БҚО-да 1952 жылы туған әйелдің коронавирустан көз жұмғаны анықталды.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің коронавирус жұқтырғаны туралы жариялаған едік. Бұл туралы президенттің өкілі өз парақшасында мәлім етті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Санитарлық посттар қайта қойылады: Алматы облысында карантин күшейтілді