RU

Конор Макгрегор үшінші мәрте спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор қайтадан спорттық мансабын аяқтағаны туралы мәлім етті. Ол промоушеннан кетіп қана қоймай, бұдан былай жекпе-жек өткізбейтінін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/thenotoriousmma
Фото: instagram.com/thenotoriousmma: Instagram

Айта кетейік, UFC жұлдызы бұған дейін де екі рет спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеген. Алайда, біршама уақыттан кейін октагонға қайта оралған.

"Мен кетуге шешім қабылдадым. Барлықтарыңа ерекше естелік үшін рақмет айтамын! Мынау Лас-Вегаста менің әлем чемпионы атағын ұтып алғаннан кейін анаммен түскен суретім. Армандаған үйіңді таңда, мен сені жақсы көремін! Қалағаныңның бәрі сенікі", – деп жазды Макгрегор өзінің Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегордың UFC тарихындағы табысы ең жоғары спортшылар тізімінде көш бастағанын жазғанбыз.

The Sun басылымының мәліметінше, Макгрегор әлемнің ең беделді турнирінде өткізген жекпе-жектері үшін 12 миллион доллар алған.

Екінші орында – ауыр салмақтағы голландиялық Алистар Оверим. Оның табысы 8,7 миллион долларды құрады. Табысы ең жоғары спортшылар үштігін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагамедов түйіндейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859234-konor-makgregor-sinsi-mrte-sporttyk-mansabyn-aaktaganyn-mlimdedi.html