RU

ҰҚК, әскерилер мен полицейлер карантинді күшейтуге құқылы

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, әскерилер, ҰҚК мен ІІМ бөлім басшылары карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Жаңартылған құжатта көрсетілгендей, бұдан былай сәйкес аймақтың бас санитарлық дәрігерлері, ІІМ мен ҰҚК-нің бөлім басшылары, санитарлық-эпидемиологиялық салада қызмет етіп жүрген президент істерін басқару ведомстволары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдай алады.

Айта кетейік, бұған дейін өңірлерде мұндай шешімді тек бас санитарлық дәрігерлер ғана қабылдайтын.

Бұдан бұрын Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың 22 мамырдағы бұйрығына өзгерістер енгізгенін хабарлаған болатынбыз.

Соған сәйкес, елімізге келетін азаматтарға арналған рәсімдер жеңілдетілді Атап айтқанда, қолдарында коронавирусқа теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болса (анықтама мерзімі – бес күннен аспайды), олар инфекцияға тексерілу үшін екі тәулікке дейін карантинге жіберіледі. Аталған анықтамасы бар шетелден ұшып келген азаматтар оқшауланбайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859252-kk-skeriler-men-policejler-karantindi-ksejtuge-kkyly.html