Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам көз жұмды

Опубликовано:

Елімізде коронавирус инфекциясынан тағы 3 адам қайтыс болды. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індеттен көз жүмғандардың саны 56-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Соңғы деректер бойынша, Павлодар облысында 1957 жылы туған ер адам, Атырау облысында 1948 жылы туған әйел, Қарағанды облысында 1963 жылы туған ер адам көз жұмды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша індеттен қайтыс болғандар тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласы – 9

Алматы қаласы – 10

Шымкент қаласы – 10

Ақмола облысы – 4

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 6

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 6

Түркістан облысы – 1

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында карантин шаралары қайта күшейтілетінін жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859264-kazakstanda-koronavirustan-tagy-3-adam-kz-zmdy/

pixel