RU

Белгілі қазақ боксшысы кәсіпқой боксқа ауысты

Қазақстандық танымал спортшы Бек Нұрмағамбет әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz: Instagram

Былғары қолғап шебері бұндай шешімге келгенін Instagram-Stories-те жариялап: "Мен құрамадан кеттім. Кәсіпқой боксқа ауысамын", - деген жазба қалдырған.

Айта кетейік, Бек Нұрмағамбет әуесқой бокстан Азия чемпионы. Ол өткен жылы Бангкокте өткен құрлық біріншілігінде 81 келіге дейін салмақта өнер көрсетіп, алтынн медальға ие болды.

Нұрмағамбет Екатеринбург қаласындағы әлем чемпионатына қатысу керек болатын, алайда жарысқа жарақатына байланысты қатыса алған жоқ.

Қазақстанның бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев оның орнына чемпионтқа Бекзат Нұрдәулетовті қатыстырды. Ол Нұрмағамбетовтың орнын жоқтатпай Ресей жерінде алтын медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысқан отандасымыздың бірі - Жәнібек Әлімханұлы таяуда мәлімдеп жасап, әйгілі былғары қолғаб шеберлерін жеңе алатынын айтқан еді.

Олардың арасында Деметриус Андраде,Сауль Альварес, Дэниел Джейкобс сынды танымал боксшылар бар.

"Менің оларды жеңе алатынымды барлығы біледі. Маған оны дәлелдеудің қажеті жоқ. Тек іс жүзінде көрсеткім келеді. Қазақ стилі-бұл ең үздік стиль", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859279-belgili-kazak-bokssysy-ksipkoj-bokska-auysty.html