RU

Тағы 165 жағдай: Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 12859-ға жетті

Елімізде тағы 165 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 12 859-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"7 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Алматы қаласында - 32 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында - 24 адамнан, Қарағанды ​​облысында - 18 адамнан, Алматы облысында - 15 адамнан, Шымкент қаласында - 14 адамнан, Батыс Қазақстан облысында - 13 адамнан, Атырау облысында - 11 адамнан, Павлодар облысында - 11 адамнан, Жамбыл облысында - 7 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адамнан, Түркістан облысында - 5 адамнан, Қызылорда облысында - 4 адамнан, Маңғыстау облысында - 3 адамнан, Қостанай облысында - 2 адамнан, Ақмола облысында - 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша өсім 1,3 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 маусымда коронавирустан тағы үш адамның қайтыс болғаны хабарланды. Өлім жағдайлары Павлодар облысы, Атырау облысы мен Қарағанды облысында тіркелген. Қазіргі таңда елімізде COVID-19-дан көз жұмғандар саны 56 адамға жетіп отыр.

Сонымен қатар Алматы облысында карантин шаралары қайта күшейтіліп, Шымкентте 22 маусымға дейін ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859284-tagy-165-zagdaj-elimizde-koronavirus-zktyrgandardy-sany-12859-ga-zetti.html