RU

Маңғыстау облысында да карантин шаралары күшейтілді

Дүйсенбі, 8 маусымнан бастап Маңғыстау облысында карантин шаралары күшейтілді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов өңірде эпидемиологиялық жағдайдың күрделенгенін, СOVID-19 инфекциясын жұқтырғандар санының 7 пайызға артқанын мәлім етті.

Осыған байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.

8 маусымнан бастап жұмысына тыйым салынған нысандар тізімі:

  • Кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, интернет және компьютер клубтары, ойын-сауық орындары;
  • Түнгі клубтар, кальян тарту орындары;
  • Ойын-сауық нысандары (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубы, квесттер, боулинг орталықтары және басқалары;
  • Сыйымдылығы 30 орыннан көп мейрамханалар, дәмханалар, тойханалар;
  • Жекелеген нөмірлері мен кабиналарын қоспағанда моншалар мен сауналар:
  • Балалар актракциондары.

Одан бөлек мынадай шектеулер енгізілмек:

  • Облыс тұрғындарының қалалар, аудандар, ауылдар арасындағы арлы-берлі жүруіне;
  • Қалалар мен аудандарда ішкі қалалық көліктер жұмысына таңертеңгі сағат 06-ден 10-00-ге дейін және кешкісін сағат 17-00-ден 21-00-ге дейін ғана рұқсат беріледі;
  • ойын-сауық және өзге де бұқаралық, сонымен қатар отбасылық, еске алу шараларын өткізуге;
  • Кәмелетке толмаған балалардың ересектердің қарауынсыз жалғыз жүруіне;
  • Адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктер мен дүкендерде маскасыз жүруге;
  • Мешіттерде жаппай жұма намазын оқуға (жеке намаз оқу үшін әрбір адам үшін 1,5 метр арақашықты, санитарлық-дизенфекциялық күшейтілген шараларды сақтау арқылы).

Қаулы мәтінінде карантин режимі мен мерзімі коронавирус инфекциясының таралуына қатысты жағдайдың өзгеруіне байланысты қайта қаралуы мүмкін екені айтылған.

Coronavirus2020.kz сайты ұсынға соңғы мәліметтерге сәйкес, Маңғыстау облысында инфекция жұқтырғандардың саны 331-ге жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында карантин шаралары қайта күшейтіліп, Шымкентте 22 маусымға дейін ұзартылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859285-magystau-oblysynda-da-karantin-saralary-ksejtildi.html