RU

Қазақстанда коронавирус індетінің белгілері жоқ тағы 313 адам анықталды

2020 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус инфекциясының белгілері жоқ 313 тасымалдаушы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Осы сағатта елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны 1357-ге жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы - 265 Алматы қаласы - 175 Шымкент қаласы - 229 Ақмола облысы - 21 Ақтөбе облысы - 17 Алматы облысы - 91 Атырау облысы - 115 Шығыс Қазақстан облысы - 82 Жамбыл облысы - 24 Батыс Қазақстан облысы - 196 Қарағанды ​​облысы - 176 Қостанай облысы - 11 Қызылорда облысы - 52 Маңғыстау облысы - 81 Павлодар облысы - 20 Солтүстік Қазақстан облысы - 52 Түркістан облысы - 61

Соңғы дерек бойынша, жалпы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 12 859-ға жеткен. Оның 7336-сы жазылып, ауруханадан шықса, 56 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, 7 маусымда коронавирустан тағы үш адамның көз жұмғаны хабарланды. Өлім жағдайлары Павлодар Атырау және Қарағанды облысында тіркелген.

Сонымен қатар Алматы, Маңғыстау облыстарында карантин шаралары қайта күшейтіліп, Шымкентте 22 маусымға дейін ұзартылды.

Ал әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 7 миллионнан асты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша әдеттегідей АҚШ көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859295-kazakstan-koronavirus-indetini-belgileri-zok-tagy-313-adam-anyktaldy.html