RU

"Барселона" қиындықтарға байланысты тағы да футболшылардың жалақысын қысқартпақ

Каталондық "Барселона" коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған қиын қаржылық жағдайға байланысты тағы футболшыларды жалақысын қысқартуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/Leomessi
Фото: Instagram/Leomessi: Instagram
Marca басылымның мәліметінше, каталондық клубтың басшылығы ойыншыларға еңбекақысын мамырдың соңғы аптасында 70 пайызға және маусымның алғашқы екі аптасында 50 пайызға төмендету туралы ұсыныс жасауды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда "Барселона" футболшылары команда ұсынасынан бас тартатуда.

Айта кетейік бұған дейін "Барселонаның" президенті Жозеп Мария Бартомеу бірнеше ай бұрын бекітілген бюджет 1,047 миллиард еуроны клубтың тауып беруге қауқары жетпейтінін айтып, футболшыларды жалақасын қысқартуға келісуге шақырған.

Қазіргі уақытта каталондық клуб футболшыларының еңбекақысы 2019/20 маусымына қарастырған жалпы команда бюджеттінің 61 пайызын құрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін италиялық "Ювентус" пен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың футболшылардың арасынан бірінші миллиардер болғанын жазған болатынбыз.

Forbes басылымының мәліметінше, 35 жастағы шабуылшы қаржылық жағдайы 1 млрд доллардан асқан әлемдегі алғашқы футболшы атанды.

Жалпы Криштиану бұндай көрсеткішке жеткен әлемдегі үшінші спортшы болып отыр. Одан бұрын спорт өкілдері арасында гольф ойыншысы Тайгер Вудс пен кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер миллиардер атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859304-barselona-kiyndyktarga-bajlanysty-tagy-da-futbolsylardy-zalakysyn-kyskartpak.html