RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 7 миллионнан асты

Дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны жеті миллионнан асты. COVID-19-дан 402 мыңнан астам адам қайтыс болған хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны жеті миллионнан асты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Федералды және жергілікті билік органдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да ақпарат көздерінің мәліметтерін жинақтайтын Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 7 006 436-ға жеткен.

402 120 адам індеттен қайтыс болған. Осы уақытқа дейін әлем бойынша 3 133 664 адам ауруынан айыққан.

Вирус жұқтырғандардың саны бойынша Америка Құрама Штаттары көш басында келеді, онда 1 940 468 адам коронавирус жұқтырған. Сонымен қатар елде COVID-19-дан 110 мыңнан аса адам қайтыс болды.

Ал Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, өткен тәулікте тағы 165 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 12 859-ға жетіп отыр.

7376 аталмыш вирустан жазылса, 56 адам көз жұмған. 7 маусымда коронавирустан тағы үш адамның көз жұмғаны хабарланды. Өлім жағдайлары Павлодар Атырау және Қарағанды облысында тіркелген.

Сонымен қатар 7 маусымдағы жағдай бойынша елімізде коронавирус індетінің белгілері жоқ 313 адам анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859315-lemde-koronavirus-zktyrgandardy-sany-7-millionnan-asty.html