RU

Иттен қашамын деп төрт метрлік шұңқырға түсіп кеткен ер адам алты күн аш отырған

Балиде 29 жастағы британдық Джейкоб Робертс төрт метр тереңдіктегі құдыққа түсіп кетіп, ол жерде нәр татпай алты күн отырған. Робертс мұндай жағдайға иттен қашамын деп душар болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Иттен қашамын деп төрт метрлік шұңқырға түсіп кеткен ер адам алты күн аш отырған
Фото: Gulf news: UGC

Джейкоб Робертстің айтуынша, құдыққа түсіп кеткен ол айқайға басып, көмек сұраған.

Алайда оның дауысы шұңқырдың ішінен әрі аспай, ешкім естімеген. Тек алты күннен соң, құдықтың жанынан жаяу өтіп бара жатқан жергілікті шаруа ер адамның дауысын естіп, назар аударған.

Жағдайдың мән-жайын түсінген шаруа лезде құтқарушыларды шақырған.

Робертс алты тәулік бойы нәр татпаған. Құтқарушылар оны алып шыққан кезде жігіттің әлсірегенін сезіп, жүдеу күйін байқаған.

Белгілі болғандай британдық азамат 4 метрден биіктіктен құлаған кезде аяғын сындырып алыпты.

Еске сала кетсек, елімізде дәл осындай жағдай орын алған болатын. Қостанай облысы Федоровка ауылы маңындағы Жаман Жаркөл көлінде шаңғы жарысына қатысқан алтыншы сынып оқушысы құдыққа құлап түскен еді.

Кейін жасөспірім қызды құтқарушылар құтқарып алды. Оқушы құлаған жерде жай шұңқыр емес, іші суға толы құдық екені анықталған. Ал ол құдыққа жарыс барысында байқамай түсіп кетсе керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859332-itten-kasamyn-dep-trt-metrlik-skyrga-tsip-ketken-er-adam-alty-kn-as-otyrgan.html