RU

Төреғали Төреәлі қызының туған күнін ерекше атап өтті (фото, видео)

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі екінші қызының туған күніне орай, есте қаларлықтай мерекелік шара ұйымдастырған. Әнші перзентінің төрт жасқа толуын ет-жақындарының арасында атап өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/farizatoreali/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/farizatoreali/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында қызы Тоғжанды туған күнімен құттықтап, өз әкелік тілегін жолдаған.

"Тоғжан Төреәлі. Екінші перзентіміз өзіміздікі болады ғой деп жүруші едік. Үшіншісі де, төртіншісі де атасы мен әжесінікі болды ғой. Маған тек есімін қою мәртебесі бұйырған еді. Ал атасының қызы туған күніңіз құтты болсын! Денсаулығыңыз мықты болсын" , - деп жазды өнер иесі.

Жұлдызды отбасы мүшелері жеке парақшаларында мерекелік шара кезінен фото және видеолармен бөлісіп үлгерді.

Әншінің қарындасы Фариза Төреәлі туған күнге жолдасымен бірге келіп, Тоғжанға ерекше құттықтап қайтқан. Жас жұбайлар туған күн иесіне үлкен қуыршақ сыйлады.

Бейнежазбаларға қарап, отбасылық шара балаларға арналған мейрамханада өткенін көруге болады. Онда өнер иесінің перзенттерінен басқа бүлдіршіндер де болған.

Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлі мен Толқын Мырзакимова бүгінде төрт перзент тәрбиелеп отыр. Олардың үшеуі қыз бала, біреуі ұл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859337-tregali-treli-kyzyny-tugan-knin-erekse-atap-tti-foto-video.html