RU

Жаңа Зеландияда коронавирус жұқтырған бірде-бір адам қалған жоқ

Жаңа Зеландияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың барлығы емделіп шықты. Елдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа жағдай тіркелмегенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Жаңа Зеландияда коронавирус жұқтырған бірде-бір адам қалған жоқ
Көрнекі фото: hightech.fm: Instagram

Елде COVID-19 дерегі алғаш рет 28 ақпанда тіркелді. Соңы 17 күнде елде жаңа бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

8 маусым күні Окленд өңірлік денсаулық сақтау басқармасы министрлікті жалғыз науқаста 48 сағаттан бері ешқандай белгі байқалмағаны жайлы хабардар етті. Пациент карантиннен жіберілді.

Жақында ел зертханаларында 800 тест өткізілді. Осылайша, олардың жалпы саны 294 848-ге жетті. Мемлекетте коронавирус жұқтырған 1154 адам тіркелген, 22 адам қайтыс болған.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң Жаңа Зеландия билігі осыған дейін енгізілген шаралардың көп бөлігін алып тастады.

Көлік пен білім беру мекемелерінің жұмысы тұрақтандырылды. Дүкендер ашылып, ел арсында қатынауға рұқсат берілді. Кафелер мен мейрамханалар бірнеше шектеумен жұмыс істейді және жаппай іс-шаралар өтіп жатыр.

10 маусым күні билік эпидемиологиялық жағдайдың минималды деңгейін жариялайды деп күтілуде.

Айта кетейік, дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны жеті миллионнан асты. COVID-19-дан 402 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859344-zaa-zelandiada-koronavirus-zktyrgan-birde-bir-adam-kalgan-zok.html