RU

Аруханаларда 975 науқас бар: Надыров Алматыдағы коронавирус туралы ашып айтты

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қазіргі басшысы Қамалжан Надыров онлайн-брифинг барысында қазіргі эпидемиологиялық жағдай мен атқарылған жұмыстар туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы ҚДСД-нің жаңа басшысы коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Коронавирус пандемиясының кезінде Алматыда 2000 рейс қабылданып, олардың жолаушылары карантинге жатқызылып, тесттен өткен.

  • Соңғы айда аурудың өсуі 2,3%-ды, соңғы аптада - 1,1%-ды құрады.

Бүгінгі таңда оңтүстік астанада вирус жұқтырудың 2882 дерегі тіркеліп, оның ішінде 1875 адам емханадан шығарылған, бұл жалпы санның 65%-ын құрайды.

Өкінішке қарай, Алматыда 10 адам коронавирустан қайтыс болды. Сондай-ақ 975 науқас ем алуын жалғастыруда. Өткен аптада 323 адам ауруханада емделіп шыққан.

"Қазір негізгі күш-жігер медиктердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге және науқастардың медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігіне бағытталған. Вирус жұқтырудың жаңа толқыны болған жағдайда күзгі кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, ағымдағы жағдайды ескере отырып, инфекциялық бақылауды күшейту үшін бас дәрігердің инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары жаңа лауазымы енгізілетін болады. Бұл стационарларда инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай - ақ инфекционистер ерекше өкілеттіктерге ие болады", - деді Надыров.

Ол медициналық мекемелерге аса қажет болмаған жағдайда баруды барынша азайтуға шақырды.

Надыров бүгінгі таңда Алматыда анықталған жағдайлардың 70%-дан астамы асимптоматикалық екенін атап өтті.

Коронавирустың нақты емі әлі табылмағандықтан, вирус жұқтыру белгілері жоқ науқастар медициналық қызметкерлердің көмегіне мұқтаж емес. Олар ұдайы телефон шалу арқылы бақылауда болады.

ҚДБ басшысының сөзінше, пандемияның аяқталуына қатысты болжам әзірге жоқ. Ол карантин шараларын сақтау керек екенін еске салды.

"Қалада орын алған алдамшы тыныштыққа қарамастан, тұрғындар далаға шығып жатыр, қауіпсіздік шараларына бейжай қарауға болмайды. Масканы кию, қолды өңдеу және қашықтықты сақтау талаптары өзгеріссіз қалды. Тұтастай алғанда, ел бойынша өңірлердегі жағдай әртүрлі және өңірлер карантинді қатаңдату шараларын қолдануға мәжбүр. Қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын - олар қарапайым ғана", - деді Надыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859398-aruhanalarda-975-naukas-bar-nadyrov-almatydagy-koronavirus-turaly-asyp-ajtty.html