RU

Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

Алматы облысында коронавирус індетіне байланысты карантин шаралары күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  Қайрат Баймухамбетовтың қаулысына сәйкес, өңірде карантин күшейтіледі. Шектеу шараларының режимі мен мерзімі коронавирустың таралуы бойынша жағдайға байланысты болады.

Қапшағай мен Іле ауданының әкімі демалыс аумағына баратын тас жолдағы бекеттің жұмысын қамтамассыз етуге міндеттелді.

Cонымен қатар, Қапшағай қаласының әкімі қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысын қадағалауы тиіс. Құжатта онда отыздан астам адамның жиналмауы айтылған. Нысандар тек 23.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Сауналар мен СПА орталықтарының жұмыс уақыты 21.00-ден аспауы керек.

Ал Талдықорған қаласында бұның алдындағыдай саябақтар, бассейндер, субұрқақтар жұмыс істемейтіні белгілі болды.

Сауда орындары мен базарлар шектек шаралары сақтай отырып, жұмыс істейді.

Облыстың бас дәрігерінің қаулысының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады >>>

Соңғы дерек бойынша, жалпы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 12 859-ға жеткен. Оның 7336-сы жазылып, ауруханадан шықса, 56 адам қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859445-almaty-oblysynda-karantin-saralary-ksejtildi.html