Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 400 мыңнан асты

Опубликовано:

Дүниежүзі бойынша COVID-19-дың асқынуынан көз жұмғандардың саны 400 мыңға жетті. Ал АҚШ бұл антирейтингте көшбасшы болып қала берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемде COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 400 мыңнан асты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Уханьда ауру басталғалы бері бүкіл әлемде коронавирус жұқтырудың 7 085 894 дерегі анықталды. Оның ішінде 3180 479 жағдайда пациенттер емделі шықты, тағы 405 168 адам қайтыс болды. Хопкинс атындағы университеттің ұсынған дерегі осындай.

Америка Құрама Штаттары инфекция саны бойынша көшбасшы болып қала береді. Елде коронавирус жұқтырғандар саны 1 956 527 адамды құрады.

Екінші орында Бразилия (691 758 жағдай), одан кейін Ресей (476 043 жағдай), келесі орында Ұлыбритания (288,834 жағдай), Үндістан (265 928), Испания (241 717), Италия (235 278), Перу (199 696), Франция (191 313) және Германия (186 109 жағдай) тұр.

Америка Құрама Штаттары сонымен қатар коронавирустан болған өлім-жітім бойынша да көшбасшы болып қала бермек. Мұнда пандемия кезінде жалпы 93 932 адам көз жұмды.

Бұл антирейтингте екінші және үшінші орында Ұлыбритания мен Бразилия тұр. Бұл елдерде вирустан көз жұмғандардың саны 40 680-36 455 адамды құрады.

Десе де айта кету керек, әлемде вирус жұқтырған пациенттердің жартысына жуығы инфекциядан емделіп шықты. Ең көп сауыққандар саны АҚШ-та (506 367 адам), Бразилияда (283 952) және Ресейде (230 226).

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны жеті миллионнан асып кеткен еді. Осыдан бірнеше күн бұрын әлемде инфекция қарқыны едәуір жеделдегені айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859462-lemde-covid-19-dan-kajtys-bolgandardy-sany-400-mynan-asty/

pixel