Выйти
RU

"Рөлде 16 жастағы бала": Алматы облысында жол апаты болып, бір адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алып, соның салдарынан бір адам қайтыс болды. Сонымен қатар, жарақаттанған екі жолаушы ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қайғылы жағдай "Үңгіртас - Көкқайнар" тас жолында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, "Киа Серато" көлігін басқарып отырған жүргізуші бұрылыста рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан транспорт тас жолдан шығып кетіп, бірнеше рет аударылған көрінеді.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жеткенде көліктен алыс жерден жас жігіттің денесі табылған. Бұл 18 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны. Жарақат алған екіншісі жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты орын алған уақытта көлік тізгінінде 16 жастағы Жамбыл ауданының тұрғыны болғаны анықталды. Оның да жағдайы ауыр.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Кейінірек кәмелет жасқа толмаған жігіттің рөлге ата анасының рұқсатынсыз отырғаны, достарымен кетіп қалғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, Орал қаласында басы мен екі қолы жоқ әйелдің денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. Алдын ала болжам бойынша, жергілікті тұрғынды қайықтың моторы турап кеткен.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті. "Қайықтан құлап кетті ме, әлде шомылып жүрген жерінен үстінен басып өтті ме, ол жағын полиция анықтайды. Ал біз марқұмның дене мүшелерін ісдестіріп жатырмыз. Айта кетейін, осыған ұқсас жағдай 5-маусымда да болған", - деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Рөлде 16 жастағы бала": Алматы облысында жол апаты болып, бір адам көз жұмды