Выйти
RU

Елімізде COVID-19 инфекциясының белгілері жоқ тағы 339 адам анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 339 тасымалдаушы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Осы сағатта елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны 1696-ға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы - 297 Алматы қаласы - 259 Шымкент қаласы - 330 Ақмола облысы - 17 Ақтөбе облысы - 17 Алматы облысы - 94 Атырау облысы - 146 Шығыс Қазақстан облысы - 85 Жамбыл облысы - 28 Батыс Қазақстан облысы - 218 Қарағанды ​​облысы - 277 Қостанай облысы - 13 Қызылорда облысы - 50 Маңғыстау облысы - 80 Павлодар облысы - 19 Солтүстік Қазақстан облысы - 50 Түркістан облысы - 55

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 13 074-ке жетті. Олардың 7737-сі ауруханадан шықса, 48-і қайтыс болған. Соңғы өлім жағдайлары елорда мен Павлодар облысында тіркелді.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде COVID-19 инфекциясының белгілері жоқ тағы 339 адам анықталды