Выйти
RU

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан жаңарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ИИДМ басшысы бүгін үкімет отырысында Қазақстан мен әлемнің басқа елдері арасындағы әуе қатынасының қашан қалпына келетінін айтты - рейстер коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының қашан жаңартатыны белгілі болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Бейбіт Атамқұлов осы айда Түркия мен Қазақстан арасындағы халықаралық әуеқатынастарын іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Оның айтуынша, әлемнің басқа елдерімен әуе қатынасын ел ішінде де, әлемде де COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жаңарту жоспарланып отыр.

Министр ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстан қалалары арасындағы ішкі әуе қатынасы біртіндеп қалпына келтіріліп жатқанын еске салды.

Рейстер аптасына 349 рейс жиілігімен 44 бағытта орындалады. Осы уақытқа дейін 188 мыңға жуық әуе билеттері сатылған.

ИИДМ басшысы көлік саласының коронавирус пандемиясынан зардап шеккенін атап өтті. Елдегі төтенше жағдай режимі кезінде көлік байланысы тек әлемнің басқа елдері арасында ғана емес, сонымен қатар аймақтар арасында да тоқтатылды.

Әуекомпаниялар айтарлықтай шығындарға ұшырады.

Айта кетерлігі, елімізде соңғы 24 сағат ішінде коронавирус инфекциясының 215 жаңа дерегі анықталды. Сонымен қатар, дәрігерлер КВИ-дің 399 асимптоматикалық тасымалдаушысын анықтады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан жаңарады