Выйти
RU

"Тегін әлі берген жоқ": Азамат Омаровтың некесіз қызымен қарым-қатынасы қалай

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші Марат Омаровтың некесіз туған немересіне қатысты даулы жағдай барша қазақстандықтарға мәлім болды. Атышулы бағдарламадан кейін жұлдызды әулет кішкентай Көзайымды ресми түрде қабылдап, оған өздерінің тегін беретінін айтқан еді. Алайда, бүлдіршін әлі де Омарова болмаған. Оның себебін анасы Кәмшат Таубай өзі түсіндіріп өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Азамат Омаровтан қызды болған жас ана "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сұхбат беріп, бүгінде жұлдызды отбасымен қарым-қатынасы қандай екенін жасырмай айтып берді. Оның сөзінше, Көзайымның әкесі де, ата-апасы да әрдайым хабарласып тұрады.

"Көзайымның жағдайы жақсы. Ақырындап тәй-тәй басып келе жатыр. Сөйлеп келе жатыр. Ата-апасы хабарласып тұрады.

Апасы күнде қоңырау шалады. "Қызым қалай? Өсіп жатыр ма?" деп сұрайды. Мына жағдай аяқталған соң, келетінін айтты.

Көзайым әлі әкесінің тегін алған жоқ. Карантин болып кетті. Оның үстіне ол кісілердің отбасында қайғылы жағдай орын алды. Үлкен апамыз дүниеден өтті.
Бұйыртса, карантин біткен кезде алармыз. Келесі айда келетіндерін айтты. Азаматпен де сөйлесіп тұрамын. Қызының қалын біліп тұрады, көмектеседі" , - деді Кәмшат Таубай.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Еске сала кетейік, бұған дейін Марат Омаров ұлымен бірге некесіз туған немересін көріп қайту үшін Түркістан облысына барған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тегін әлі берген жоқ": Азамат Омаровтың некесіз қызымен қарым-қатынасы қалай