Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызына саңырауқұлақтың құрметіне есім бермек болған ана талқыға түсті

Опубликовано:

Желіде атын жасырын күйінде қалдыруды ұйғарған келіншек әпкесімен қызының есіміне бола ұрысып қалғанын сөз етті. Оның айтуынша, жүкті туысқаны болашақ сәбиіне саңырауқұлақтың атауын бермек екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Қызына саңырауқұлақтың есімін бермек болған ана қызу талқыға түсті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Есімін жасырып қалған келіншек желіде басынан өткен оқиғасын баяндап берді.

Айтуынша, оның жүкті әпкесі жақында босануы керек. Алайда қызына есім таңдап қойған ана оны Портабелла деп атайтынын хабарлағанда, туысқадары таңырқап қалған.

Аяғы ауыр келіншек портобелло саңырауқұлақтарын жақсы көргендіктен, қызын соның құрметіне атауды шешкен екен.

Құжатта саңырауқұлақтың аты жазылатын болғанымен, шын өмірде болашақ сәбиді бәрі Белла деп атайтын болады.

Десе де туыстары бұл атауды нашар деп тауып, жүкті келіншекті райынан қайтарып көрмек болған.

Ал ол өз кезегінде сол үшін жақындарымен сөз таластырып қалыпты.

Желідегілер авторды толығымен қолдайтындарын сөз етті. Олардың ойынша, барлық адамның сүйікті асы бар, алайда оның құрметіне балаға есім қою - шектен шыққандық болар.

Естеріңізге сала кетейік, үшемнің әкесі атанатынын білген әке эмоциясын жасыра алмағанын жазған едік.

Желіде тараған видеодан ер адамның біраз абдырап қалғанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1859531-kyzyna-sayrauklak-krmetine-esim-bermek-bolgan-ana-zelide-talkyga-tsti/

pixel