Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мал бақсын": Желі белсендісі зейнеттегі полицейлерді жұмысқа алмау керектігін айтты

Опубликовано:

Желі белсендісі Ермек Құрманғали зейнет жасына шыққан полиция мен әскерилерді мемлекеттік мекемелерге жұмысқа алмау керектігін ескертті. Ол дипломы бар жас мамандардың жұмыссыз жүруін қоғамда "пенсия мен жалақыны қатар алатындардың көп болуымен" байланыстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Ермек Құрманғалитегі, zakon.kz
Фото: Facebook/Ермек Құрманғалитегі, zakon.kz: Instagram

Бұл туралы Ермек Құрманғалитегі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Зейнетке ерте шыққан полиция мен әскери қызметкерлерді қайтадан мемлекеттік мекемелерге жұмысқа қабылдамау керек.

Өйткені солардың кесірінен қаншама жас маман дипломын құшақтап мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр.

Ал мемлекеттік мекемелерде, немесе бюджеттік мекемелерде кейбірі басшы болып, кейбірі мамандардың қатарын толықтырып бұрыңғы құқық қорғау органдарының зейнеткерлікке шыққан қызметкерлері жұмыс істеп, жастарға орын бермей жүр.

  • Бір жағынан зейнетақысын алып, екінші жағынан жалақысын алып жүрген кімге жаман болсын?

Арасында мектепте мұғалім, тәрбие ісінің меңгерушісі мен директор болған да азаматтар бар. Тіпті 35 жастағы зейнеткерді де кездестіруге болады.

Мысалы түзету мекемесінде қызмет істеп, 35 жасында сол жерден зейнеткерлікке шыққан бір жігіт мектепте тарих пәнінен сабақ беріп жүр. 15 жыл өмірін сотталушылардың арасында өткізген адамның біршама жүйкесі тозғаны анық.

Өйтпесе өкімет оларды бекерден-бекер жасынан ерте зейнеткерлікке шығармайды. "Күзет агенттігі" бәріне бірдей табыла бермейді.

Сондықтан ондай адамдарға бөлек бағдарлама қарастырып, мемлекеттен көмек алып, шағын немесе орта бизнеспен айналысуына жағдай жасау қажет. Денсаулығы жараса ауылға барып таза ауада мал бақсын, егін ексін тіпті болмаса заңды түрде тіркеліп такси жүргізсін", - деп түсіндірді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін "Оқшау ой" деп басталатын жазбаларымен желіде танымал қоғам белсендісі, журналист Айгүл Болатханқызы елден естігенін айтып, жасанды сөйлейтін кей азаматтарды сынның астына алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859535-mal-baksyn-zeli-belsendisi-zejnettegi-policejlerdi-zmyska-almau-kerektigin-ajtty/

pixel