Выйти
RU

Мас күйде жол апатына түскен Ефремов 12 жылға сотталуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеу орталығындағы Смоленск алаңында жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан бір адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Фото: ТАСС / Роман Канащук

Фото: ТАСС / Роман Канащук

Жол апаты 8 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 23:00-де Смоленск алаңында болған.

Jeep Grand Cherokee автокөлігін басқарған Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Михаил Ефремов жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Lada автокөлігін соққан.

Lada жүргізушісі түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Кейін оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.

Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша бас басқармасы жол апаты кезінде актердің мас күйде болғанын хабарлады.

Басында Ефремовке қатысты "Жол ережелерін және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Аталған бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алайда, дереккөздің ақпарынша, қылмыстық іс қайта қаралып, танымал актер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Ефремов ешқайда кетпеу туралы қохатпен босатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы блок-бекетіндегі жол апатынан аман қалған тәртіп сақшысы Ербұлан Сейдазымның есін жиғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мас күйде жол апатына түскен Ефремов 12 жылға сотталуы мүмкін