Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Із-түссіз жоғалып кеткен әйелді күйеуі өлтіргені 40 жылдан соң әшкере болды

Опубликовано:

Дона Мэй Берле АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Иллинойс штатында күйеуімен және екі кішкентай қызымен бірге тұрып келген. Алайда бір күні әйел із-түссіз жоғалып кетіпті. Ал оның күйеуі Джон жұбайы түнде өзін тастап кеткенін айтады. Тек араға 40 жыл салып істің шынымен қалай өрбігені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

40 жыл іздеуде жүрген келіншекті күйеуі өлтірген болып шықты
Фото: Facebook, Fox News: UGC

1979 жылы тергеу кезінде Джонның бірінші әйелі оның мінезі әрдайым ауыр болғанын айтады.

Ал Донаның құрбыларына жазған хаттары да келіншектің сөзін растай түсіпті. Сол себепті де "Дона күйеуінен қашып кетті" деген нұсқа полиция үшін миға қонымды болып көрінеді.

Десе де жоғалған әйелдің туыстары оның ешқашан өз балалары мен күйеуін тастап кетпейтіне сенімді болады.

Бір күні Донаның әпкесі олардың үйіне келген кезде кілем мен гараждан дақтарды байқайды. Ол бірден бұл туралы полицияға хабарлаған.

Алайда 1979 жылы ДНК арқылы адамдарды анықтайтын технология болмағандықтан, детективтер ештеңе істей алмайды.

Ал Джон өзінің жарақаттанып қалғанын және кілемдегі қанның оған тиесілі екенін айтады. Алайда ер адамның кінәсі дәлелденбесе де, қанның үлгісі сақталып қалыпты.

Донаның отбасы осы жылдар бойы әділеттіліктің орнайтынына үміттеніп жүреді.

  • Ал Джон Дона жоғалғаннан кейін бір жыл өткен соң әйелімен ажырасып кеткен. 1986 жылы ол ресми түрде өлі деп танылады.
2017 жылы іс қайта қозғалып, Майскего қаласының офицерлері Донаны іздестіре бастаған.

Ал бір жылдан кейін полиция сақталған қанға сараптама жасайды. Олар қанның шын мәнінде Донаға тиесілі екенін анықтаған.

Осы сараптаманың арқасында егде жастағы ер адамды жауапқа тарту мүмкіндігі туады. Қазір Джонның жасы 79-да, ол әлсіз естиді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1859540-iz-tssiz-zogalyp-ketken-jeldi-kjeui-ltirgeni-40-zyldan-so-skere-boldy/

pixel