Выйти
RU

СҚО-да белгісіз біреу көлігімен жас жігітті қағып, жол жиегінде тастап кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстандағы Полудино ауылы маңындағы тас жолда 18 жастағы жігітті көлік қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан, ал зардап шегуші ауруханада қайтыс болды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі апатқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Солтүстік Қазақстанда белгісіз біреу көлігімен 18 жастағы жігітті қағып, жол жиегінде тастап кетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Апат туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде пайда болды. Жазба авторы сол күні тас жолмен Омбыға қарай бара жатқан куәгерлер болса, хабарласуын сұрады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жүргізушінің адам қаққаннан кейін оқиға орнынан кетіп қалғандығы айтылған. Бір көлік жүргізушісі оған назар аудармағанша, жігіт екі сағат бойы жолдың жиегінде жатыпты.

  • Өңірлік ПД мәліметінше, апат 7 маусымда Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылының жанында болған.

Олар тас жолда жатқан 18 жастағы жігітті байқаған. Ауруханаға түскен соң біраз уақыттан кейін ол ауыр жарақаттан қайтыс болыпты.

Бұл факті абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бабы бойынша тергеліп жатыр. Тиісті сараптама жұмыстары жүргізіледі. Жас жігітті қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні іздеу жалғасуда.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Қайғылы жағдай егжей-тегжейлі зерттеліп, жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алып, соның салдарынан бір адам қайтыс болды. Сонымен қатар, жарақаттанған екі жолаушы ауруханаға жеткізілген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СҚО-да белгісіз біреу көлігімен жас жігітті қағып, жол жиегінде тастап кеткен