Выйти
RU

Павлодарда белі ауырған соң дәрігерге көрінген тұрғыннан коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының тұрғыны белінің ауырғанын айтып, қабылдауында болған. Тексере келе науқастан коронавирус инфекциясы анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы коронавирустың таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше, 8 маусымда Павлодар облысының 16 тұрғынынн коронавирус инфекциясы анықталды. Белгілі болғандай, барлық жағдай Екібастұз қаласында тіркелген. Кейінірек қауіпті дерт жұқтырғандар туралы тың ақпараттар пайда болды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, медициналық мекемеге белінің ауыратынын айтып келген науқастан Covid-19 анықталған. Тексеру барысында 51 жастағы әйелдің өкпесінің қабынғаны да белгілі болды. Сонымен қатар, ол созылмалы бронхитпен ауырған.

Инфекцияны жаңадан жұқтырғандардың 11-і ер адам, 5-еуі әйел. Олардың ең үлкені 82 жаста болса, кішісі 31 жаста.

Комиссия барлық пациенттерде ыстығы көтерілу, ентігу, әлсіздік, жөтел сияқты белгілер болғанын мәлім етті.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 13 074-ке жетті. Олардың 7737-сі ауруханадан шықса, 48-і қайтыс болған. Соңғы өлім жағдайлары елорда мен Павлодар облысында тіркелді.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда белі ауырған соң дәрігерге көрінген тұрғыннан коронавирус анықталды