RU

Жезқазғандағы үйлердің бірінен қанға боялған ер адамның денесі табылды

Жезқазғандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен ер адамның денесі табылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршауға алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Facebook

Гагарин көшесінің бойындағы тұрғын үйде көршілері қанға боялған ер адамның денесін тапқан.

45 жастағы марқұм пышақ жарақатын алған. Шамамен ол көп қан жоғалтқандықтан қайтыс болған.

Пышақ жарақаты ер адамның мойнына салынып, күретамырына зақым тиген.

"Алдын ала деректер бойынша, қылмыс 7 маусымда жасалған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігімен (кісі өлтіру) тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды", – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Кісі өлтіру қылмысы бойынша марқұмның танысы - 34 жастағы Жезқазған тұрғыны күдіктеліп отыр. Сол күні екеуінің арасында жанжал туған, нәтижесінде 34 жастағы ер адам қарсыласын пышақпен ұрған.

Еске сала кетейік, бұған дейін танысын өлтіріп, денесін аулаға көмген қылмыскер өз оқиғасын айтып берген болатын.

Павлодар колониясында жазасын өтеп жатқанына 11 жыл болған Олег есімді азамат 2008 жылы кісі өлтіргені үшін қамауда отыр. Қылмыскер болған оқиғалар туралы ашық айтады және жасаған ісіне еш өкінбейді. Ер адам бұған дейін ұрлық жасағаны үшін түрмеде отырыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859557-zezkazgandagy-jlerdi-birinen-kanga-boalgan-er-adamny-denesi-tabyldy.html