Выйти
RU

"Балмұздаққа": Астаналық 42500-ге берген өтініші кері қайтарылған соң 289 теңге түскенін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астаналық түрғын 42 500 теңгеге жіберген өтініші кері қайтарылғанын айтып, шағымданды. Әйел адамның сөзінше, оған 289 теңге көлемінде "балмұздаққа" төлем берілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы астаналық Instagram әлеуметтік желісіндегі zhaloby_astana тобында жазды.

Жазба авторының сөзінше, төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтініш берген. Алайда "жәрдемақы немесе мемлекеттен басқа көмек алады" деп екі рет өтінішін кері қайтарған.

Астаналық келіншек ешқандай зейнетақы немесе жәрдемақы алмайтынын мәлім етті. Әйелдің өтініші кері қайтарылғаннан кейін шотына "зейнетақы / жәрдемақы" белгісімен 289 теңге түсіпті.

"Зейнетақы немесе жәрдемақы алатынымды сендіру үшін олар маған 289 теңге жіберді. Бұған дәретхана қағазын да сатып ала алмайсыз", - деп жазады автор.

Ол осы жазбасы көмегімен "балаларға балмұздақ алатын ақшаны" тағы кімге жібергенін сұрағысы келген.

Скриншот, Instagram/zhaloby_astana

Скриншот, Instagram/zhaloby_astana

NUR.KZ тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен бұған қатысты пікір білдіруді сұрады.

Ведомство 42 500 теңгенің орнына 289 теңгені ешкімге аудармағанын жеткізді.

"Бұл қандай да бір басқа түсім, ол 42 500 теңге төлемімен байланысты емес", - деп түсіндірді еңбек министрлігі.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Баспасөз қызметі астаналыққа өтінішті қарау үшін жергілікті штабқа төтенше жағдай кезінде кірісті жоғалтқанын растайтын құжаттарын алып, байланысуы қажет екенін қоса кетті.

Еске сала кетсек, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемібарлық азаматқа бірдей төленбейтіндігін айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Балмұздаққа": Астаналық 42500-ге берген өтініші кері қайтарылған соң 289 теңге түскенін айтты