Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан аруы - 2019" атанған Мадина Батық тұрмысқа шықпақ (фото)

Опубликовано:

Өткен жылы еліміздің басты сұлулық байқауы "Қазақстан аруы - 2019"-да жеңіске жеткен Мадина Батық қалыңдық атанды. Павлодарлық аруға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/maadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/maadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жеке өміріндегі қуанышты жаңалығымен бойжеткеннің өзі Instagram парақшасында бөліскен. Мадина Батықтың сүйіктісі үйленуге ұсынысты дәл оның туған күнінде жасаған болып шықты.

"Қазақстан аруы - 2019" естен кетпес күні қалай өткені жайлы егжейлі-тегжейлі жазып, болашақ күйеуімен түскен суретін жариялаған.

"Мен "иә" дедім. "Сен маған тұрмысқа шығасың ба?" деген сөздерді есту әрбір қыздың арманы болар. Бұған дейін махаббат жайында көп ойлайтынмын. Оны қалай түсінуге болатыны жөнінде мың толғандым. Ал кеше 21-туған күнімде менің Хакимым маған үйленуге ұсыныс жасады. Бұл күтпеген жағдай болды. Ойымда "Қатты жақсы көремін, иә" деген сөздер ғана болды" , - деп өз қуанышымен бөлісті ару.

Белгілі болғандай, Мадина Бадық туған күнін жақындарымен бірге атап өту үшін Павлодар қаласына барған. Сүйіктісі жұмыста болғандықтан, бойжеткен ол келеді деп мүлдем ойламаған. Алайда, азамат ғашығына тосын сый жасап, өзінің өмірлік жары болуын сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859574-kazakstan-aruy---2019-atangan-madina-batyk-trmyska-sykpak-foto/

pixel