Выйти
RU

Қырғызстан президентінің бауыры арнайы сұрыпты сора өсіруді ұсынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғызстан президентінің бауыры әрі депутат Асылбек Жээнбеков ыдырайтын пакеттер мен бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ өндіру үшін елде арнайы сұрыпты сора өсіруді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Today.kg-ға сілтеме жасап.

Асылбек Жээнбеков. Фото: Today.kg

Асылбек Жээнбеков. Фото: Today.kg

Депутат 8 маусым күні аграрлық саясат, су ресурстары, экология және өңірлік даму жөніндегі жоғарғы кеңес комитетінің отырысында аталған ұсынысты жеткізді. Айтуынша, осылайша қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік болады.

"Бізде сора өседі, жыл сайын оны жоюға тырысамыз, бірақ қолымыздан келмейді. Ал бүгін арзан ыдырайтын пакет және ыдыс-аяқ өндіру үшін басқа сұрыпты сораны өсіруге болады", – дейді Жээнбеков.

Қырғызстанда есірткі сақтау және тарату, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру заңмен қудаланады.

Құқықбұзушылық кодексіне сәйкес, ол үшін 13 мың сом айыппұл мен 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, жақында Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлағанбыз.

Қырғызстан астанасы – Бішкектің Бірінші май аудандық сотында Тарихи музейді қайта жөндеуде және Шолпан Ата қаласындағы ипподром құрылысын жүргізуде орын алған заңсыздықтарға қатысты істі қарау кезінде мемлекеттік айыптаушы экс-премьер-министр Сапар Исаковқа 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді сұрады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстан президентінің бауыры арнайы сұрыпты сора өсіруді ұсынды