Выйти
RU

Қарағандыда элиталы тұрғын үйдің ауласында атыс болды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін сағат 14:00 шамасында Қарағанды қаласының орталық көшесіндегі жаңа тұрғын үй кешені аумағында атыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша, екі адам жарақат алған. Аталған жағдайға қатысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда элиталы тұрғын үй алаңында атыс болды (фото)

Фото: instagram.com/patriotkaragandy

Атыс басталарда бірнеше автокөлік тоқтап, ішінен жастар шыққан. Куәгерлердің айтуынша, біршама уақыт тілдескеннен кейін қатысушылардың бірі оқ жаудырған. Ал қалғандары қалтасынан пышақ шығарған.

Текетірестен кейін бір адам оқиға орнынан ізін суытып, жарақат алған екі адам жерге құлаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келген.

Қазір қала бойынша "Ұстау" жоспары жарияланған. Қарағандыдан шығу жолдары мен көшелер қиылысына полиция бекеттері қойылған. Олардың барлық әрекеті күдіктіні ұстауға бағытталып отыр.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпарынша, оқиға орнында жедел қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Бұл жайт көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласында болған. Қазіргі уақытта материалдар жиналып жатыр. Кейіннен қызметкерлер процессуалды шешім қабылдайды.

Айта кетейік, бұған дейін Жезқазғандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен ер адамның денесі табылғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда элиталы тұрғын үйдің ауласында атыс болды (фото)