Выйти
RU

4 күн бұрын жұмыстан шыққан: Блок-бекеттегі жол апатына күдікті жайлы тың дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы блок-бекетінде екі адамның өмірін қиған жол апатына күдікті Азат Азаматов жайлы тың дерек пайда болды. Ол құқық қорғау органдарында алты жылдан астам уақыт қызмет еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Блок-бекеттегі жол апатына күдікті полициядан т

Фото: Azattyq Ruhy

Күдіктіге қатысты мәліметті Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды.

"Азат Азаматов органдарда 30.04.2014 жылдан 21.05.2020 жылға дейін Патрульдік полиция полкінің инспекторы қызметін атқарды. Ішкі істер бөлімінен өз еркімен кетті. Қызмет уақытында Азаматов 4 рет жазаланып, бірде-бір рет марапатталған жоқ. Бұл жазалар оның қызметтік-әскери тәртіпті бұзуымен және жауапкершілігі төмендігімен байланысты", - дейді қалалық департаменттен.

Күдікті жол апатын жасаған уақытта мас күйде болған. Мұны Азаматовтан алкогольді мастықтың орташа деңгейін анықтаған сот-наркологиялық сараптама растап отыр.

"Ағымдағы жылдың 25 мамырында Алматы облысындағы блок-бекетте болған қайғылы оқиғаны тексеру мен талдау жұмыстары жүргізілді. Оқиғаға жеке құраммен профилактикалық жұмыстағы қателіктер және құқықбұзушылық пен тәртіпке қарсы әрекеттер жасаған қызметкерлерге қатысты дер кезінде шаралар қолданбау себеп болып отыр. Одан бөлек, БАҚ-қа бұрмаланған ақпаратты ұсыну фактілеріне сыни баға берілді", - деді ведомство.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қазіргі уақытта жол апатына қатысты іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалды.

Департамент күдіктінің 7 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін қиған жол апаты 25 мамыр таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан болатын. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
4 күн бұрын жұмыстан шыққан: Блок-бекеттегі жол апатына күдікті жайлы тың дерек шықты