RU

Шардаралық түлектер осы уақытқа дейін үй жалдап келген көпбалалы анаға баспана сыйлады (фото)

Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округінде орналасқан жалпы орта мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер жалғызбасты, көпбалалы анаға үш бөлмелі баспана сыйлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі: Depositphotos

Осы уақытқа дейін үй жалдап келген Нұргүл Есболатова 4 баланың анасы.

Шиттей төрт баласы да әлі мектеп оқушысы. Көпбалалы ананың баспаналы болуына жергілікті ауыл әкімі мен ауыл билері де мұрындық болып септігін тигізген.

Орта мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер жалғызбасты анаға сонымен қатар тұрмыстық техника да сыйға табыстады.

Қайырымды жандарға алғысын жеткізген Нұргүл Бекжанқызының төрт перзенті де баспаналы болғандарына дән риза.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Шардара Қоссейіт ауылында мұндай игі істер дәстүрге айналғанын айтуда.

Фото: Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі: Depositphotos

Айта кетейік, бұған дейін Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер аз қамтылған отбасыға баспана сыйлағанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай Созақ аудандық мәслихатының депутаты Берік Тұрғанбаевтың және Созақ ауылы әкімі Батырхан Аяповтың ұйымдастыруымен мектеп бітіргеніне 20 жыл толған түлектер 6 баланың анасы, жалғызбасты Баян Нұрмағанбетоваға жеке тұрғын үй салып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859611-sardaralyk-tlekter-osy-uakytka-dejin-j-zaldap-kelgen-kpbalaly-anaga-baspana-syjlady-fotos.html