Выйти
RU

Теңіз жаяу әскерінің ардагері қара нәсілділерге қолдау білдіріп, 3 сағат тапжылмай тұрды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ теңіз жаяу әскерінің ардагері Тодд Уинн қара нәсілділердің құқығын қорғауға бағытталған наразылық акциясын қолдады. Ол аузын жабыстырып алып, Юта штатындағы капитолийдің алдында үш сағат бойы тапжылмай тұрған. Тіпті, күннің ыстығынан оның бәтеңкелері еріп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Insider.com

Фото: Insider.com

Уинн бір адамдық наразылық акциясының мәнін "өз үніңді шығармау" деп түсіндірді.

"Мен бұл наразылықты ұзақ уақыт үнсіздік таныту деп білемін, себебі көптеген қара нәсілді адамдардың дауыстары естілмей қалып жатыр. Мен бұл мәселені саяси деп ойламаймын, меніңше, бұл ғаламдық деңгейдегі адами мәселе", – дейді Уинн.

Бұрынғы теңіз жаяу әскерінің өкілі белгілі бір топпен наразылық акциясына шығуға, немесе қандай да бір саяси идеологияны қолдауға тырыспайтынын жеткізді.

"Барлық америкалықтардың құқығы бірдей. Мен осы құқықтарды қорғауға уәде бергенмін. Және осы әрекетімді кемсітушілікке қарсы шығудың бір жолы деп білемін", – дейді ол.
Фото: Insider.com

Фото: Insider.com

Еске сала кетейік, 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полиция қызметкерлері афроамерикалық Джордж Флойдты тұтқындаған болатын.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Тұтқындау кезінде полиция қызметкері тізесімен оны мойнынан басып тұрған.

Марқұм айқайлап, тұншығып жатқанын жеткізген. Алайда тәртіп сақшылары бұған назар аудармаған. Кейін Джорж Флойд жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұл оқиға өз кезегінде қоғамның наразылғын тудырып, Миннеаполисте тәртіпсіздіктер қарқын ала бастады.

Содан кейін АҚШ-тың ондаған қаласында наразылық акциялары басталды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Теңіз жаяу әскерінің ардагері қара нәсілділерге қолдау білдіріп, 3 сағат тапжылмай тұрды (фото)